Жаңа адамдар:

551210
Gabit Zaripov
muhitt
Мухит Тельтаев
monti
Monti Kabdolova
sailauov
ualihan sailauov
aikorkem
aikorkem ermekbaeva

 

«Маска» дауысты өзгерту жөніндегі дауыстық сервис

14.01.2011

Құрметті Абонент,
Біз сіздерге жаңа «Маска» сервисінің енгізілгенін хабарлауға қуаныштымыз, ол арқылы Сіз достарыңызбен даусыңызды өзгерту арқылы сөйлесе аласыз.

Сіз сұхбаттасушыңыз еститін бірнеше дауыс түрлерін таңдай аласыз

Сұхбаттан ...

«Kcell Connect» жаңа баға – 4500 теңгеге алыңыз.

13.01.2011

K-CELL CONNECT. ИНТЕРНЕТ ҚАЛТАДА.

Қалтаңызда не бар?
Қалтаңызға Интернет салып алыңыз.
Ол үнемі жаныңызда болсын!

4500 теңге – қалтаңыз көтереді.
«K-cell Connect» бастапқы топтамасын жаңа баға – 4500 теңгеге ...


GSM Қазақстанның ОҚО абоненттік қоры 1 миллион абоненттен асып түсті



GSM Қазақстан/Kcell ұялы байланыс операторы компанияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы абоненттік қорының 1 миллион адамнан асып түскендігін хабарлады. ОҚО Мерейтойлық абоненті Роза Қадырова атанды, 27 жастағы дәрігер.

GSM Қазақстан/Kcell Бас атқарушы директоры Вейсел Арал бұл жетістіктің үстіміздегі жылы компанияның дамуы үшін аса маңызды екендігін атап өтті. «ОҚО абоненттер қорының белсенді өсуі ұялы байланысты тұтынушылардың барлық сегментіне арналған тиімді тарифтік жоспарларды енгізудің арқасында жүзеге асты. Осы облыстың 1 миллион тұрғынының біздің байланысты таңдағанына аса қуаныштымыз, және де әрбір қазақстандықтың ұялы байланысқа қол жеткізе алуы үшін, компания өнімдерін нарыққа шығаруды жалғастырады деп абоненттерімізді сендіргіміз келеді», - дейді Вейсел Арал мырза.

Компанияның ыңғайлы тарифтік саясаты және ұялы байланыс тұтынушыларының барлық қажеттіліктерін ескерген ұсыныстар, төлемақы төлеу нүктелерінің үлкен әрі тиімді желісі, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі, сонымен қатар әлбетте, байланыстың өзгермейтін жоғары сапалылығы – осының арқасында Қазақстан халқының жартысына жуығы бүгінде таңдауларын Kcell және Activ пайдасына жасауда.

Компания ұялы байланыс саласына жаңа технологияларды енгізе отырып, өз өркендеуін жалғастыруда. Бүгінгі таңда GSM Қазақстан/Kcell желісі еліміздің 2499 қаласы мен елді мекендерінде бар, Оңтүстік Қазақстан облысында Kcell және Activ желісі 232 елді мекендерде жұмыс істеп тұр.

 


 

Kcell ұялы операторы «Клиент дауысы» баспасөз – саяхатын өткізді 


 

Бүгін GSM Қазақстан/Kcell компаниясы «Клиент дауысы» баспасөз – саяхатын өткізді. БАҚ өкілдері компанияның бір абоненттік бөлімінің (Kcell-Орталықтың) және Call- орталық жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Журналистер Kcell-Орталықтың негізгі жұмыс кезеңдерімен – электронды кезекке тіркеуден бастап операторлар жұмысына дейін танысты. Сонымен қатар оларға «құпия сатып алушы» рөлінде болып келушілермен араласуға және компанияның анықтамалы – ақпараттық орталығының жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік жасалды.

GSM Қазақстан/Kcell компаниясы қызметкерлері журналистерге әлемдік тәжірибеде қабылданған, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына негізделген, клиенттерге қызмет көрсету жүйесімен таныстырды. Стандарттар өзіне клиенттерге қызмет көрсетудің 5 негізгі кезеңін жүктейді, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесі (SMS-бағалау, шағымдар және ұсыныстар кітабы, Call- орталыққа қоңырау шалу арқылы шағым немесе тілек білдіру мүмкіндігі). Өз клиенттерімен ұдайы қатынаста болу – бұл GSM Қазақстан/Kcell компаниясы клиенттермен жұмыс істеу Департаментінің басты ережесі, абоненттерге ұсынылатын қызмет сапасын үнемі бақылап отыру және мониторинг жүргізу үшін.

«Клиентке бағдар жасау – біздің компания жұмысының маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі. Сондықтанда бірнеше жылдардан бері біздің компаниямыз абоненттердің қажеттілігін біліп, әрі оны толық қанағаттандыру мақсатында, бизнес – процесстерді өзгерту бағдарламасын жүзеге асыруда. Kcell абоненттерге қызмет көрсету сапасын әлемдік жоғарғы стандарттар деңгейіне сәйкестендіріп, жоғарылатуға көп көңіл бөліп отыр. Осы үшін компания біздің клиенттердің қанағаттану деңгейін анықтайтын, сонымен қатар, сервис көрсетуде жаңа бағыттарды жүзеге асыру қажеттілігі мен қызметтердің талап деңгейін анықтайтын тиімді құрал ретінде, «Қызмет көрсету сапасын басқару» жобасын жүзеге асыруда. Аталмыш жоба сондай – ақ, біздің клиенттерге қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің дайындық деңгейін анықтайды. Сараптама барысында алынған барлық ақпараттарды біз алғашқы кезекте, мамандар жұмысындағы қателіктерді жөндеуге және нақты әрекеттерге пайдаланамыз», - дейді Диляра Гиматдинова, GSM Қазақстан/Kcell компаниясы клиенттермен жұмыс істеу департаментінің Директоры.

Баспасөз – саяхаты аясында БАҚ өкілдері анықтамалы – ақпараттық екі орталықтың бірінің жұмысымен танысты, екінші Call-орталық Шымкент қаласында орналасқан, мемлекеттік тілде қызмет көрсету артықшылығына ие. Call-орталықтар күніне 15 мыңнан астам қоңырауға қызмет көрсетеді, оның үстіне, күтудің орташа уақыты 2 минуттан аспайды. Клиенттермен жұмыс істеу Департаментінде 425 адам жұмыс істейді, олардың 123 Call-орталық қызметкерлері болып табылады, ал 128 – і аймақтарда жұмыс жасайды.
 



Ұялы байланыстағы алаяқтықтың алдын алу жөніндегі Kcell Бағдарламасы

 


GSM Қазақстан/Kcell компаниясының бас кеңсесінде баспасөз-брифинг ұйымдастырылды, онда компания сарапшылары «Ұялы байланыстағы алаяқтықтың алдын алу жөніндегі Kcell Бағдарламасы» туралы сөз қозғады.

Алаяқтықпен күрес – бұл құқық қорғау органдары жауапкершілігінің құзырлығында, GSM Қазақстан/Kcell мұндай міндеттерді орындауға өкілетті емес, қолданыстағы Заңнамалар және нормативтік-құқықтық актілерде операторлар өкілеттігі анық шектеулі түрде көрсетілген. «Сондықтанда, біз әрқашанда құқық қорғау органдарына жедел іздестіру және тергеу шаралары кезінде әрқашанда қол ұшын беруге әзірміз», дейді Аида Досаева, корпоративтік байланыс департаментінің Директоры. «Ұялы байланыстағы алаяқтықтың алдын алу жөніндегі Kcell Бағдарламасы аясында біз негізінен, «ескертілді – демек қарулан» ұстанымын басшылыққа ала отырып, ақпараттық ұйымдастыруды тірек етеміз.

Осы мақсатта Kcell компаниясы абоненттердің ұялы сауаттылығын арттыру бағытында жұмыс жасауда. Клиенттермен жұмыс істеу Департаментінде есепке алу және бақылау тобы құрылды, олар алаяқтық орын алған жағдайда абоненттер шағымын бекітеді, халықаралық тәжірибедегі ұялы алаяқтық түрлеріне мониторинг және сараптама жүргізеді.

Ұялы алаяқтық мәселесінің әлеуметтік жағынан да кең етек ала бастағанын назарға ала отырып, GSM Қазақстан/Kcell корпоративтік сайттарында арнайы бөлім ашты www.kcell.kz (http://www.kcell.kz/ru/?l=fraud) және www.activ.kz (http://www.activ.kz/ru/?l=fraud), онда ұялы алаяқтықтың танымал схемалары мысалға келтірілген, алаяқтық құрбаны болып кетпес үшін кеңестер берілген, сонымен қатар егер, абонент арам пиғылдының құрығына ілінген жағдайда не істеу керектігі жөнінде кеңес айтылған.

Ұялы алаяқтық – тың тақырып емес. Мыңдаған қазақстандықтар да ұялы алаяқтыққа тап болды. Біреулер ірі жүлдеге ие болғандарына оңай сеніп қалса, енді біреулер «туысының» келеңсіз жағдайға түсіп қалғандығы жөніндегі SMS хабарламаны алысымен, белгісіз абоненттің теңгерімін толтыруға асығады.

Компания өкілдері барлық абоненттерді алаяқтыққа тап болған жағдайда белсенді азаматтық ұстанымда болуға және құқық қорғау органдарына арыз беруге шақырды. Алаяқтарға қарсы тұрудың бір ғана шарты - барлық ұялы байланыс пайдаланушылардың күш біріктіруі.
 

 


Өмірді Kcell

Өзімізден:
  Сайтты өңдеу:  
Конкурс веб-сайтов Национальная интернет-премия AWARD.kz