Бұл келісім «Xit.KZ» әлеуметтік порталы Әкімшілігі мен осы ресурстың қызметін пайдаланатын жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты қадағалау мақсатында дайындалған.
Ресурс Әкімшілігі орналастырылған ақпаратты редакцияламайды және оның мазмұнына жауап бермейді.
«Xit.KZ» ресурсында ақпарат жариялаған Пайдаланушы жеке мүддесін өзі қорғайды және жарияланған ақпаратқа байланысты үшінші жақпен арада туындаған байланысқа өзі ғана жауап береді.
Келісім жасаушылар
www.xit.kz и www.hittv.kz орналасқан «Xit.KZ» Әкімшілігі, бұдан былай Әкімшілік, және аталған ресурста ақпарат орналастыратын жеке тұлға, бұдан былай, Пайдаланушы, бұдан былай Келісім деп аталатын, осы Пайдаланушы келісімін жасады.
2. Келісім түрі
Әкімшілік Пайдаланушыға «Xit.KZ» келесі ақпараттарды орналастыруға рұқсат береді:
мәтінді ақпарат;
Әкімшілік белгіленген форматтағы аудиоматериал;
Әкімшілік белгіленген форматтағы бейнематериал;
Әкімшілік белгіленген форматтағы фотоматериал;
Аталған ақпараттық ресурста немесе басқа да ақпараттық ресурстарда орналасқан материалға сілтеме жасау;
3. Тараптардың құқығы мен міндеті
Пайдаланушы құқылы:
Еркін іздеу жүргізуге, «Xit.KZ» ақпараттық ресурсындағы кез келген ақпаратты алуға, және орналастыруға;
өзге Пайдаланушылар ұсынған ақпаратқа пікір қосуға;
кез келген уақытта Әкімшіліктен «Xit.KZ» ақпараттық ресурсына өзі орналастырған барлық ақпаратты өзге Пайдаланушыларға көрсетпеуді талап етуге;
кастингтерге қатысуға, өзге Пайдаланушылардың рейтингін өзгертуге;
Әкімшілік орнатқан ереже бойынша өзге де қадамдарға баруға құқылы.
Әкімшілік құқылы:
«Xit.KZ» ақпараттық ресурсын пайдалану Ережесін өз бетінше жасауға, өзгертуге;
Пайдаланушы орналастырған кез келген ақпаратқа қол жетімділікті шектеуге; Пайдаланушы орналастырған ақпаратты өшіруге;
Пайдаланушының есеп жазбаларын өшіруге;
Пайдаланушының Келісім шартын бұзғаны үшін бұрын өшірілген есеп жазбасын тіркеуден бас тартуға құқылы.
Пайдаланушының міндеті:
ұсынған ақпараттың растығына көз жеткізуге;
ақпарат тарататын кезде оның авторы өзі болмаған жағдайда, бұл ақпаратты қайдан немесе кімнен алғанын көрсетуге;
соғыс өртін тұтатуға, ұлттарды бір-бірімен жауластыруға, нәсілдік немесе діни өшпенділікті тудыруға бағытталған, таратқаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған кез келген ақпаратты жарияламауға:
вирусы бар ақпараттарды орналастыру арқылы сайттың қызметіне кедергі келтірмеуге, ақпараттық ресурстың функциналдық мазмұнында қарастырылмаған бағдарламаларды қолдану және басқа да әрекеттер арқылы серверге қосымша ауырлық жүктемеуге міндетті.
Әкімшіліктің міндеті:
Пайдаланушының есеп жазбасын заңсыз енушілерден қорғауға, Пайдаланушы орналастырған ақпаратты жоюға:
егер Пайдаланушы заң бойынша таралуына тыйым салынған немесе шектеу қойылған ақпаратты орналастыратын болса, Пайдаланушыға ескерту жасай отырып, мұндай ақпаратты өшіруге, болмаса, Пайдаланушының есеп жазбасын өшіруге, болмаса бір немесе бірнеше шараны қатар қолдануға;
заң аясында Пайдаланушы туралы барлық ақпаратты тиісті мемлекеттік органға табыстауға міндетті.
4. Басқа да шарттар
Пайдаланушы өзі орналастырған ақпаратты өзгелер автоматтандырылған сервис арқылы пайдалана алатынын біледі және келіседі.
Пайдаланушының қалауы көңілінен шықпағаны немесе көрсетілген қызмет түрі оған ұнамағаны үшін Әкімшілікке ешқандай жауапкершілік жүктелмейді.
Төтенше жағдай туындаған кезде(әскери қимылдар, апат т.б.) Әкімшілік Пайдаланушы орналастырған ақпараттың сақталуына және ақпараттық ресурстың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік бере алмайды.
5. Тараптардың жауапкершілігі
Егер Пайдаланушы заң бойынша тыйым салынған немесе шектеу қойылған, автор құқығын бұзатын немесе заң бойынша қорғалған кез келген ақпаратты орналастыратын болса, барлық жауапкершілік Пайдаланушыға жүктеледі.
6. Келісімнің шарты мен уақыты
Бұл келісім Пайдаланушы «Xit.KZ» ақпараттық ресурсында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге дейін жарамды.
Әкімшілік келісім шартына бір жақты өзгеріс енгізуге құқылы, Пайдаланушы бұл өзгеріс жайлы ресурстың техникалық құралдарының көмегі арқылы хабарлана алады.
Жаңа
адамдар:
| 551210 Gabit Zaripov |
| muhitt Мухит Тельтаев |
| monti Monti Kabdolova |
| sailauov ualihan sailauov |
| aikorkem aikorkem ermekbaeva |
Жүкте! (Мр3, Клиптер)
Кастинг
Киночарт (Жаңа өнімге шолу)
Знакомства (Өз жұбыңды тап!)
Hit Tv (Оnline-ды қара)
Радио ENERGY (слушай онлайн)
